Отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Бексұлтан Боранбек Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
51 келі салмақ дәрежесінің финалында Боранбек колумбиялық Джастин Мореномен кездесіп, төрешілердің бірдей шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Бексұлтан Боранбек жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальды иеленсе, Джастин Морено күміс жүлдегер атанды. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы үшін Жастар арасындағы әлем чемпионаты-2024 турниріндегі бесінші алтын медаль. Бұған дейін Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжаралы Бегалиев (75 кг), Елянұр Тұрғанова (50 кг) және Аружан Зейнуллаева (81 кг) да әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.