$ 524.65  552.19  5.14
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі басталды

20 қазанда өткен бірінші турда қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду 42% дауыс жинап, көшбасшы атанды

Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі басталды
Видеодан алынған кадр/Euronews

Молдовада президенттікке қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду мен бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло таласуда. Санду Еуропалық Одаққа кіруді қолдайды, ал Стояногло Ресеймен ынтымақты күшейтуді жақтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

20 қазанда өткен бірінші турда Санду 42% дауыс жинап, көшбасшы атанса, Стояногло 26% дауыспен екінші орынға ие болды. Қажетті 50% плюс бір дауысқа қол жеткізілмегендіктен, елде сайлаудың екінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл сайлауды көптеген сарапшылар елдің Ресейге бет бұратынын немесе Батысқа қарай жылжитынын көрсететін маңызды сәт деп есептейді.

Бірінші турмен қатар, ЕО-ға мүшелік мақсатты конституцияға енгізу туралы референдум да өтті. 50,35% сайлаушы бұл бастаманы қолдады.

Сонымен қатар Приднестровье аймағындағы ресейлік әскери күштердің болуы мен Гагаузиядағы ресейшіл кандидаттарға қолдау көрсетілгені де алаңдаушылық туғызды.

Санду сайлаудың әділетсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, сот реформаларының маңыздылығын атап өтті. Сарапшылар Мәскеудің 2025 жылы өтетін парламенттік сайлауға ықпал етуге тырысуы мүмкін деп болжайды.

Серіктес жаңалықтары