Әр ұшу әрекеті нәтижесіз аяқталып, жолаушылар жолдан қайтарылды
Атырау-Ақтау бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары екі тәуліктен бері ұша алмай, әуежайда қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Алғаш рет олар 2 қараша күні таңертең ұшуы тиіс болған, бірақ қалың тұманға байланысты рейс бір күнге шегерілді.
Жолаушылардың қиындықтары мұнымен бітпеді – екі рет ұшуға талпыныс жасаған ұшақ жарты жолда қайта оралуға мәжбүр болды. Әр ұшу әрекеті нәтижесіз аяқталып, жолаушылар жолдан қайтарылды.
Кідірістер кезінде жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ, сондай-ақ сұраныс бойынша қонақ үйге орналастыру және тұрғын үй жалдау құнын өтеуге кепілдік хаттар берілді.