Головкин АҚШ-тағы жаттығу орталығына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары сол жерде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді

Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және ҚР ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев жұмыс сапарымен АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласындағы АҚШ Ұлттық Олимпиадалық және Паралимпиадалық жаттығу орталығына (USOPC) барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ ҰОК өкілдері қазақстандық делегацияға орталықтың спорт кешенін таныстырып, бокс, атыс, күрес, жүзу, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарының мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондай-ақ, орталық қызметкерлері нутрициология мен спорт ғылымы бойынша зерттеу жүргізетін арнайы орындарды таныстырып, көпфункционалды жаттығу залы мен медициналық кампустың жағдайын егжей-тегжейлі көрсетті.

Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары үшін осы кешенде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.