03.11.2024, 17:55
Жаңалықтар
Семейде пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды
Баланың анасы есікті аша алмай қалған
Фото: © istockphoto.com
Семей қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары пәтерде қамалып қалған екі жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқару қызметіне баланың анасы қоңырау шалып, екі жасар ұлының пәтерде қалып қойғанын, ал өзі есікті аша алмай жатқанын хабарлаған.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдар арқылы пәтердің есік құлпын мұқият ашты. Біраз уақыттан соң баланың анасы өз ұлын құшақтап, құтқарушыларға алғыс білдірді», - делінген хабарламада.
Мамандар мұндай жағдайлар пәтерлерде қауіпсіздік шараларын сақтап, балаларының жалғыз қалмауын қадағалау маңызды екенін көрсететінін айтады.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
16.10.2026, 14:48
Ақтауда балабақша қызметкерінің туберкулезден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды