Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ
Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясының маңында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«3 қараша күні сағат 03:45-те «Шұбаркөл Көмір» компаниясының Шұбаркөл станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», – делінген хабарламада.
Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі және оны жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. «ҚТЖ» бұл оқиғаның басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін растады.