Петропавлда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырды
Оқиға салдарынан 17 жастағы жасөспірім зардап шекті
Петропавлда кәмелетке толмағандар қала орталығында жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy sm1.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласындағы Интернациональная көшесінде төбелес болып жатқаны туралы «102» арнасына қоңырау түскен. Оқиға орнына Петропавл қалалық полиция басқармасының Екінші бөлімінің жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен.
Қақтығыс нәтижесінде 17 жастағы қала тұрғыны зардап шегіп, оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді.
Аталған дерек бойынша қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады және бөлімшеге жеткізді.
Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына тәрбиелеу міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылыр жатыр.