Кентау тұрғындары грант алу үшін алаяққа миллион теңге берген

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция 5 алаяқтық дерегіне күдікті әйелді анықтады

Фото: © istockphoto.com

Кентауда бірқатар алаяқтық ісі бойынша күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің танысының сеніміне кіріп, Алматыдан арзан бағамен алтын бұйымдар әкелемін деп 160 мың теңге алғаны белгілі болды. Әйел алынған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы төрт алаяқтық іске қатысы бар екенін анықтады.

Ол жәбірленушілерге қайтарымсыз грант алуға көмектесемін деп, әрқайсысынан шамамен 200 мың теңгеден алған. Жалпы шығын 900 мың теңгені құрады.