$ 524.65  552.19  5.14
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алты айда діни білімі жоқ 5 мың молда мен 1,5 мың балгер ұсталды

Тәжікстан президенті оккульттік практикалардың таралуына қарсы күресуді қолға алды

Алты айда діни білімі жоқ 5 мың молда мен 1,5 мың балгер ұсталды
Фото: pixabay.com

Тәжікстан милициясы 1,5 мыңға жуық балгерді қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Республика президентінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, осы науқан аясында 2024 жылдың мамыр айынан бастап барлығы 7,5 мың адам ұсталды. Олардың ішінде ресми діни білімі жоқ 5 мың молда мен 1,5 мың балгер бар. Барлық ұсталғандар арнайы есепке қойылған.

2024 жылдың көктемінде Тәжікстан президенті діни қайраткерлермен кездесуде елде оккульттік практикалардың таралуы туралы айтып, оларға қарсы күресуге шақырған. Оның айтуынша, бұл құбылыс «елді ырымшылдыққа жетелейді».

Сәуір айында Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі өзін емші, балгер, сиқыршы және тұмар жасаушы ретінде танытып, адамдарды алдағандарға алты айға дейін мәжбүрлі еңбек түріндегі жазаны көздейтін заңға өзгерістер енгізілетінін жариялады. Сондай-ақ балгерлер мен сиқыршылардың қызметін пайдаланатын азаматтардың арнайы тізімі жасалатыны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары