$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әр екінші еркек — абьюзер»: Танымал әнші еркектер туралы ойын айтты

Әнші ондай ер адамдардың қасындағы әйелдердің бойында сенімділік жоқ екенін айтты

«Әр екінші еркек — абьюзер»: Танымал әнші еркектер туралы ойын айтты
Фото: Instagram/fariza_yeskermes

Танымал әнші Фариза Ескермес журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында еркектер туралы ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Әр екінші еркек қызғаншақ, абьюзер. Рас па? Рас! Әйелдері де, қыздары да көздері жаутаңдап, анда барса анда, мында барса мында, өзінің пікірі жоқ, не істерлерін білмей жүреді. Ондай қыздар өте көп. Сенімділік жоқ. Ондай өте көп», — деді ол.

Сонымен қатар ол абьюзерлердің, еркектердің сол қателігін түсіндіре алмай келе жатқанымызды қазіргі заман проблемасы деп атап, ол отбасыға байланысты мәселе екенін айтты.

«Қазір діндарлар 3-4 әйел алуға болады деп айтады. Екінші әйел алу қалыпты нәрсе дейді. Дұрыс емес. Әйеліңді сүй, соны дәлелде. Екінші әйел алу оңай. Ал бір әйелмен соңына дейін болу — қиын», — деді әнші.

Серіктес жаңалықтары