Нүкеновтер отбасының адвокаты мемлекеттік марапат алды

Azattyq Rýhy

Оған «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды

Нүкеновтер отбасының адвокаты мемлекеттік марапат алды
Фото: instagram.com/advokatzhanna

Атышулы Бишімбаев ісінде марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының құқығын қорғаған адваокат Жанна Уразбахова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы қорғаушы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, АҚШ-та болуына байланысты марапатты кеш алып жатқанын жеткізді.

«Президенттің 16.10.2024 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасы күніне орай мені «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттады. АҚШ-та болуыма байланысты мен медальді уақытында ала алмадым, бүгін мені ресми түрде марапаттады. Бір жыл бұрын адвокаттар алқасы кәсібилігім үшін арнайы медальмен марапаттаған. Менің жұмысым біздің қоғамға және елге шынымен пайдалы екеніне сенгім келеді», - деп жазды адвокат желідегі парақшасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.