$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда есірткі жарнамалап жүргендер қолға түсті

Күдіктілер қамауға алынды

Ақтауда есірткі жарнамалап жүргендер қолға түсті
Фото: istockphoto.com

Ақтауда есірткі саудасын жарнамалап жүргендер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарға есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.

«Бірлескен жұмыстар нәтижесінде синтетикалық есірткілерді заңсыз жарнамалау фактісінің жолы кесіліп, Ақтау қаласының үш адамнан тұратын топ ұсталды.

Ұсталғандардан «МЕФ, СК, DUNE24CC,VPN» жазулары бар трафарет, фломастер,балта, бита, 20-дана сырлауға арналған баллончиктер, 83 дана жарнама парақшалары, QR-код жазылған буклеттер және т.б. заттар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарымен сотқадейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #есірткі