Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылды
Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Апат 31 қазан күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласында болған. «ПАЗ-32053» маркалы автобус пен мотоцикл соқтығысқан.
«Апат салдарынан кәмелетке толмаған мотоциклші оқиға орнында қаза тапты. Оның артқы орындықта отырған кәмелетке толмаған жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.
Осы факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.