30.10.2024, 16:12
Жаңалықтар
Әскерилердің жалақысы 60 пайызға артатын болды
Сұлтан Қамалетдинов жалақыны көтеру үш жылда біртіндеп жүзеге асатынын айтты
Фото: istockphoto.com
2025-2027 аралығында әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға өседі. Бұл туралы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Келесі жылдан бастап, сержанттардың, офицерлердің, келісімшарттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Үш жылдың ішінде 60 пайызға артады», - деді ол.
Бұған дейін Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы өте төмен екенін, соңғы рет олардың жалақысы 2008 жылы ғана көтерілгенін айтқан болатын.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды