Жаңбыр, қар, жел: Қазақстанда алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады
Еліміздің батыс аймағында қатты жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 31 қазан мен 2 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарладйы Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ пен тұман күтіледі.
«1 қарашада республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда: батыста +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С», - делінген синоптиктердің болжамында.