«Мен үшін дұға жасаңыздаршы»: Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы уақытында айтқан сөздері жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Құрманай Бақтиярқызының өмірден өткені туралы осыған дейін хабарланған

Фото: Instagram/kurmanai_bakhtiarkyzy

Танымал сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы уақытында түсірген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сазгер қан қысымы төмендеп кеткендіктен басы айналып, құлап қала беретінін айтты.

«Бүгін негізі тойға барамын деп шыққанмын. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады деген осы екен. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы», – деді сазгер.

Айта кетейік, танымал әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызының өмірден өткені туралы осыған дейін хабарланған болатын.