$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар шартты жазамен ғана құтылды

Олар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырған

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар шартты жазамен ғана құтылды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында «World Business Consulting» қаржы (инвестициялық) пирамидасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталмыш заңсыз ұйым өздерін Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания өкілдері ретінде таныстырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген.

«Жиындарда күдіктілер қаржылық инвестициялар, тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген жерінен пәтер және жаңа көлік сатып алу жайлы ақпараттармен азаматтарды қызықтырған. Осы арқылы олар жаңа салымшыларды тартып, оларға ай сайын ақша салып одан сыйақы алатынына сендірген. Күдіктілердің заңсыз әрекетінен 60 млн теңгеге жуық шығын келтірілген.

Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары