29.10.2024, 09:05
Жаңалықтар
Тоқаевты Моңғолияда салтанатты түрде қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды
Фото: Ақорда
Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді