Ертең елімізде уақытша радио және телевидение жұмысын тоқтатады
«Қазтелерадио» жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді
Ертең, 30 қазан күні елімізде уақытша радио және телевидение жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазтелерадио» АҚ таратқан мәліметке сәйкес, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«30 қазан 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген мәліметте.