28.10.2024, 17:58
Жаңалықтар
Еліміздің 11 облысында ауа райы нашарлайтыны туралы ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауады
Фото: pixabay
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы 28 қазанда еліміздің 11 облысында ауа райы нашарлауы мүмкін екені мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылғы 28 қазанда Ақмола, Ақтөбе, Абай, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қостанай, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.
«Осы себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - деп ескертті аталмыш компания.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді