Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған Израильдің шабуылы себеп болды 

Фото: un.org

Иран Израильдің   шабуылы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі мәлімдеді. Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке арнайы хат жолдады.

«Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасынан осы ауыр заңбұзушылықты және заңсыз әрекеттерді қарастырып, бұл қылмыстық режимді жауапкершілікке тарту үшін шұғыл отырыс өткізуін сұрайды», – делінген Иранның ресми мәлімдемесінде.