27.10.2024, 08:14
Жаңалықтар
«Өз міндетін орындамаған»: Қызылорда облысында 25 ұйымнан 40 млн теңге өндірілді
16 қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Фото: depositphotos.com
Қызылорда облысында өз міндетін орындамаған ұйымдардан 40 млн теңгеге жуық қаражат өндірілді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Прокуратура тексеру барысында өңір әкімдіктерімен өз міндетін орындамаған 25 әлеуетті өнім берушіден 2023 жылдан бері 40 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіруге шара қолданылмағанын анықтады. Облыс әкімдігіне енгізілген ұсынудың қаралу қорытындысымен 40 млн теңге айыпты өндіру үшін сотқа талап берілді», - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, осындай бұзушылыққа жол берген 16 қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды