26.10.2024, 20:14
Жаңалықтар
Астанада ертең Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жабылады
Ол аумақта LRT металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстары жүреді
Фото: Azattyq Rýhy
Астанада ертең, 27 қазанда Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысында жол толығымен жабылады. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 27 қазанда сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін LRT эстакадасында уақытша металл конструкцияларды демонтаждауға байланысты Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланды. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді