Қазақстанда доллар 490 теңгеден сатылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Еуро бағамы да өзгерген

Фото: istockphoto.com

26 қазан күні Қазақстанның валюта айырбастау пункттерінде доллар бағамы 490 теңгеге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада доллар 490 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу бағамы 485,01 теңгені құрайды. Алматыда долларды сату бағасы 488,54 теңге, ал сатып алу бағасы 486,53 теңге.

Еуро бағамы да өзгерген. Астанада еуро 529,02 теңгеден сатылып, 523,02 теңгеден сатып алынса, Алматыда еуро сату бағасы 528,13 теңге, сатып алу бағасы 524,13 теңгені құрайды.