$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Баға бойынша ортақ келісімге келе алмады»: Түрікменстан Ресейге газ тасымалын тоқтатты

Түрікменстан 2023 және 2022 жылдары Ресейге 4,7 млрд куб метр газ экспорттаған

«Баға бойынша ортақ келісімге келе алмады»: Түрікменстан Ресейге газ тасымалын тоқтатты
Фото: primeminister.kz

Түрікменстан Ресейдің «Газпром» компаниясына табиғи газ жеткізуді тоқтатты, себебі тараптар жаңа газ бағасы бойынша келісімге келе алмады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy report.az сайтына сілтеме жасап

Бұл туралы «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Максат Бабаев «Түрікменстан мұнай және газы – 2024» халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Шартта осы кезеңде бағаларды қайта қарастыру көзделген. Егер тараптар баға бойынша келісе алса, келісімді ұзарту мүмкін еді. Біз коммерциялық жағдайлар бойынша келіссөздер жүргіздік, бірақ ортақ келісімге келе алмадық. Сондықтан келісім-шарт талаптарына сәйкес, тараптар келісімге келмесе, 30 маусымнан бастап келісім тоқтатылуы тиіс болатын. Біз солай жасадық», – деді ол.

Бабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «Түрікменгаз» түрлі газ сатып алушылармен келіссөздер жүргізуде.

«Қазір бізде қарқынды өзгерістер болып жатыр. Солтүстік, батыс, шығыс тараптарынан сұраныс артып келеді. Әр күн сайын әртүрлі сатып алушылармен келіссөздер кезеңінде боламыз деуге болады. Түрікменстан әрдайым экспорттық маршруттарды әртараптандыруды жақтаған. Бүгінде біз жаңа маршруттарға және қолданыстағы келісімшарттар немесе бағыттар бойынша газ көлемін арттыруға мүдделіміз», – деп қосты мемлекеттік концерн басшысы.

Energy Institute статистикалық анықтамалығының мәліметтері бойынша, Түрікменстан 2023 және 2022 жылдары Ресейге 4,7 млрд куб метр газ экспорттаған.

Серіктес жаңалықтары