$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жаңа зертханалық орталық ашылды

Бұл Қордай тұрғындарына заманауи сараптамалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді

Жамбыл облысында жаңа зертханалық орталық ашылды

Жамбыл облысының Қордай ауылында Республика күні қарсаңында санитарлы-эпидемиологиялық бақылау бюросы (СЭББ) жаңа зертханасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоба «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК тапсырысы бойынша жүзеге асырылған. Бұл шара өңірдің қауіпсіздігі мен дамуын нығайтудағы маңызды қадам болды және Қордай тұрғындарына заманауи сараптамалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу шарасына ҚР ДМ СЭБК басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Сүйіндіков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылықты басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұлттық сараптама орталығы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Серік Қаспақасов келіп қатысты. Сондай-ақ, Қордай ауданының әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМКФ директорының орынбасары Әсел Серік, облысымыздың аудандардағы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бөлімшелерінің басшылары, Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев, «Ұлттық сараптама орталығының» бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Бағила Бердалиева, осы орталықтың санитарлық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі Гүлмира Жакибаева, «Қордай ауданының құрметті азаматы» Төле Сүгірбай, сондай-ақ аудандағы мекеме басшылары осы оқиғаның куәсі болды. Қонақтар мен жергілікті басшылардың құттықтау сөздерінен кейін ақсақал Төле Аманжолұлы ақ батасын берді. Зертхананың салтанатты ашылу рәсімін Талғат Отарбайұлы, Төле Аманжолұлы және Дамира Маратқызы өткізді.

Зертхана құрылысы осы жылдың 5 сәуірінде басталып, мерзімінде аяқталған. Жобаның жалпы құны – 477 771 269 теңге, қаражат мемлекеттік бюджеттен бөлінген.

Зертхана – екі қабатты жеке ғимарат, құрылыс ауданы – 272,4 шаршы метр және жалпы ауданы – 239,7 шаршы метр. Ғимараттың өлшемдері жұмыс істеуге және заманауи жабдықтарды орналастыруға оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Құрылыстың жалпы көлемі 1582,0 текше метр болды, бұл зертханалық жұмыстар үшін ыңғайлы және функционалды кеңістік құруға мүмкіндік береді.

Жобаның мердігері – «Аль Мансұр» ЖШС. Құрылыс процесінде Е.Батырбековтың жетекшілігімен «Концерн АИ-СУ» ЖШС жүргізген жобалық қадағалау маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, техникалық қадағалауды «ARTERIA» ЖШС (жауапты А. Құрманалиев) жүргізді.

Қордайда СЭҚК зертханасының ашылуы жай ғана жаңа нысан емес, бұл өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін нығайтуға жасалған қадам. Зертханалық диагностикалық әлеуетті арттыру инфекциялардың таралуына байланысты қиындықтарға жедел ден қоюға, адамдардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зертханаға орнатылған заманауи қондырғылар кешенді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл сараптамалардың сапасын арттырып, тұрғындар үшін тәуекелдерді азайтады. Қордай ауылындағы жаңа СЭББ зертханасы кең ауқымды тексеруге мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Қордайда СЭББ зертханасының ашылуы аймақтың еңбекті қорғау инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлес болып саналады және мемлекеттің биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсететін бүкіл облыс үшін маңызды оқиға болып саналады.

Серіктес жаңалықтары