Қайрат Нұртастың әкесі екінші келініне салоннан Lexus сыйлады (ВИДЕО)
Жаңа көліктің нарықтағы бағасы 35 млн теңгеге жуықтайды
Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков екінші келініне Lexus кроссоверін сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұртас Айдарбековтің екінші ұлы Аян Нұртастың әйелі Әйгерім Саркеноваға көлік сыйлағанын Instagram парақшасында жариялады.
«Баяғыда әкем мен анам айтушы еді: «Балам, ата сыйласаң, алдыңа келеді» деп. Сол айтқандай, ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамам келгенше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар, марқайып қалар еді ағайын», - деп жазды Нұртас Айдарбеков Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың әкесінің шешіміне ризашылықтарын білдіріп жатыр.
«Мынандай атаңа оншақты ұл, моншақты қыз туа бергің келеді ғой. Айгерім, бағың бар қыз екенсің», «Келінің жақсы болса мың бақыт деген осы болар, құтты болсын тұлпарың», «Осы келіні ұнайды, салмақты, сабырлы», деп жазған оқырмандар.