Ақтауда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз Жаңаөзеннен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның басқа қалаға неліктен кетіп қалғаны белгісіз

Волонтерлер ұсынған фото

Ақтауда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы қыз Жаңаөзеннен аман-есен табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақтау криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қыз баланы Жаңаөзеннен тапты. Ата-анасына аман-есен тапсырылды. Қыз баланың ата-анасы ҚР ӘҚБтК 442 және 127-баптары бойынша жауапқа тартылды», - деп хабарлады полиция.

Оның басқа қалаға неліктен кетіп қалғаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Мұнайлы ауданының 15 жастағы тұрғыны 15 қазан күні политехникалық колледжге сабағына кеткеннен кейін үйіне оралмаған.