$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2024, 02:00
Қоғам

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім қыз бес күннен бері табылмай жатыр

Ол колледжге кеткеннен кейін сол күйі оралмаған

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім қыз бес күннен бері табылмай жатыр
Волонтерлер ұсынған фото

Ақтау қаласының маңында 15 жастағы Нұрсая Құралбаеваны бес күннен бері іздеп жатыр. Қыз бала колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Волонтерлердің мәліметінше, Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады. Ол 15 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға кеткен. Осы уақытқа дейін қыздың қайда екені белгісіз.

Жоғалған қыздың белгілері: орта денелі, ұзын қара шашты, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара желет, қара шалбар және ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.

Нұрсая туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары