Құрылыс материалдары ретінде өтпек болған: БҚО-да 200 млн теңгенің темекі өнімдері анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолын кесу туралы

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында құны 200 млн теңге болатын темекі өнімдері шекарадан заңсыз өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ҰҚК ШҚ 17 қазанда «Шаған» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК темекінің ірі партиясын әкетудің жолын кесті.

«336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекеттенген.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.