22.10.2024, 14:58
Жаңалықтар
Ұлытау облысында жанар-жағармай қоры қанша күнге жетеді
Әкімдік жанар-жағармай тапшылығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдаған болатын
Фото: istockphoto.com
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Ұлытау өңірінде қанша жанар-жағармай қоры қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен, департаменттің мәліметі бойынша жанар-жағармай қоры:
- АИ-92 – 0,72 мың тонна немесе 10 күн;
- АИ-95 – 0,13 мың тонна немесе 8 күн;
- дизельдік отын – 3,06 мың тонна немесе 14 күн.
«ҚазМұнайГаздың» мәліметінше, АИ-92 бензинінің қоры:
- Helios – шектеулер жоқ;
- «Бүркіт», Petroretail, «С-Мұнай» – талондар.
«Жолда 1400 тоннаға дейін немесе АИ-92 (Petroretail, С-Мұнай, Бүркіт) бар 24 вагон келе жатыр, бұл Ұлытау өңіріндегі 2 аптаға дейінгі резерв», - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, жанар-жағармай 1-1,5 күн ішінде жеткізілуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлытау облысының әкімдігі жанар-жағармай тапшылығының туындауына байланысты өңір тұрғындарына үндеу жолдаған болатын.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды