«Әрқайсысы 2 млн теңгеден»: Айқын мен Жұлдыз тойда ақ көйлекке жұмсаған шығынын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Жұлдыз Өмірғали тойына арнап екі бірдей қалыңдық көйлегін киген

Фото: Видеодан скрин

Араға 9 жыл салып, үйлену тойын өткізген Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали қанша қаржы жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдыз Өмірғали тойына арнап екі бірдей қалыңдық көйлегін киген.

«Тойға арнап екі көйлек дайындадым. Көйлектің жиегіне Айқынның әндерінің сөзі жазылды. Екеуінің де бағасы арзан емес. Әрқайсысы бір миллион теңгеден, тіпті екі миллионнан асады.

Неке жүзігін де гауһар тастарымен таңдап алдым. Оның қасына 9 жыл бұрынғы неке жүзігін де тағып алдым. Құны 600 мың теңге болады. Бізде бал айы емес, бал аптасы болады. Бір аптадан кейін Дубай қаласына ұшамыз», - деді Жұлдыз Өмірғали.