Ақтауда аяғы ауыр әйелін пышақтап өлтірмек болған ер адам ұзақ жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Алайда сотта оның әйелі жеңіл жаза тағайындауын сұрады

Ақтауда аяғы ауыр әйелін пышақтап өлтірмек болған ер адам ұзақ жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақтауда сот аяғы ауыр әйелін өлтіруге оқталған адамның қылмыстық әрекетіне үкім шығарды, деп хабарлайды  15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Тергеу органы К. ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 4) тармағымен айыпталған (әйелдің жүкітілік жағдайда екенін біле тұра оны өлтіруге оқталу).

«К. 2024 жылғы 13 шілде күні сағат 21.30 шамасында алкогольдік масаң күйде болып, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында орналасқан «Р» сауда орталығының алдында заңды некедегі жолдасы жәбірленуші А-ның жүктiлік жағдайда екенiн көрінеу біліп, оны қасақана қазаға ұшырату ойымен, өзімен бірге алып жүрген ас үй пышағын қолданып, жәбірленушінің  денесінің арқа, сан және кеуде тұсынан бірнеше рет соққылар жасап, денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Одан әрі, сотталушы К. өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпай, алған ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, өзінің аяқтарымен жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған. Алайда оқиға болған жерде жүрген полиция қызметкерлерінің және өзге адамдардың араласуымен К.-нің қылмыстық іс-әрекеті өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізбеген.

Оқиға болған жерге дер кезінде келген полиция қызметкерлері, сотталушы К.-ты күш қолдану (қолын қайыру) арқылы ұстаған», - делінген Маңғыстау облыстық соты таратқан хабарламада.

Осыған байланысты прокурор, К.-ны тағылған айып бойынша кінәлі ден танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда жәбірленуші сотталушы К.-ға жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Өз кезегінде сотталушы К. жасаған әрекетіне шын ниетімен өкінетінін мәлімдеп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Қорғаушы сотталушының ұстанымын қолдады.

«Сотталушының кінәсі, жәбірленушінің және куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен және өзге де іс-құжаттарымен дәлелденді.

Сот К.-ға жаза тағайындау барысында, оның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде шын ниетпен өкінуін, ал жазасын ауырлататын мән-жайларға, қылмысты масаң күйде жасағанын таныды.

Сот үкімімен К. ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды облыстық сот.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.