Нұр-Сұлтанда және алты облыста ауа райы бұзылады
Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады
Алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы мен алты облыста ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«15 мамырда күндіз және 16 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысында 15 мамырда түнгі уақытта жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды. Қарағанды облысында 15 мамырда кейбір жерлерде найзағай ойнайды. Мұнда да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанады», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Павлодар облысында 15 мамырда оңтүстік-шығыс желі күтіледі, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23 метрге жетеді
Түркістан облысында да қатты жауын болатыны айтылады. Найзағай ойнап, тұман түседі деген болжам бар.
Алматы облысында да найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауатыны айтылады. желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.
ТЖД мәліметінше, 15 мамырда Нұр-Сұлтанда жауын жауып, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жетеді.