«Танысын алдап кетті»: Қостанайда алаяққа қатысты сот үкімі шықты

Azattyq Rýhy

Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды

«Танысын алдап кетті»: Қостанайда алаяққа қатысты сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

Қарабалық аудандық соты алаяқтық, яғни ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау жолымен бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот анықтағандай, айыпталушы Қостанай қаласында жүрген кезінде пайдакүнемдік ниетпен, алдау жолымен танысынан пайызбен 500 000 теңге көлемінде ақша қарыз ақша алып, кейіннен оларды қайтармаған.

Сондай-ақ осы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында сотталушы А. «kolesa.kz» сайтындағы хабарландыруларды пайдалана отырып, автомобильдерді сату туралы хабарландыру бойынша екі азаматқа хабарласып, оларға автомобильдерді ҚР есебіне қою түрінде ақылы қызмет көрсетемін деп олардан жалпы сомасы 635 000 теңге көлемінде ақшалай қаражатын иемденген.

Қылмыстық іс сотқа прокурор мен сотталушы арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі іс жүргізу келісімімен келді.

Жәбірленушілер мен сотталушының қорғаушысы сот отырысында іс жүргізу келісімін қолдады.

«Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін мойындады. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайларды сот белгілеген жоқ. Істің барлық мән-жайларын, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын және оның материалдық залалды толық өтеуін ескере отырып, сот А.-ға пробациялық бақылауды белгілей отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.