20.10.2024, 04:00
Жаңалықтар
Қазақстандық спортшы ресейлік қарсыласын нокаутқа жіберді
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын
Видеодан алынған кадр
Қарағандыда өткен Naiza 68 аралас жекпе-жек турнирінде қазақстандық Еркебұлан Сисенбаев пен ресейлік Глеб Жагрин арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Бірінші раундтың соңғы минутында Сисенбаев қарсыласын қатты соққымен нокаутқа жіберді.
Бұл жеңіс Еркебұлан Сисенбаевтың аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабындағы екінші жеңісі болды, ал Глеб Жагрин алғаш рет кәсіби деңгейде жеңіліске ұшырады.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
