«Жиіркенішті!»: Меруерт Түсіпбаева жылап отырып видео түсіретін қыз-келіншектерді сынап тастады
Әнші өз пікірін желідегі парақшасында жариялады
Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жылап отырып видео түсіретін қыз-келіншектерді сынап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол желідегі парақшасында жазба жариялап, қазақ қызының ешқашан дүйім жұрттың алдында отырып жыламағанын ескертті.
«Кім болсаңда , желіге видео салып, ебіл-дебіл жылауды қойыңдаршы! Жиіркенішті! Қай жерден көріп, қай аталарыңнан естідіңдер, қазақтың қызының дүйім жұрт алдында егілгенін?! Біздің аналарымыз басына қандай іс түссе де, сабырлық танытқан, көз жасын көл қылмаған (жаман ырымға балаған). Жар салып, жер тепкілеп, қиындықтарын жайып салмаған! Көз жастарыңды сорғалатып желіге видео салмай, жаныңдағы жарыңа , досыңа айт , есікті тарс жауып , өзіңмен-өзің жыла, тауға барып бар дауысыңмен айқайла, шарап іш! Білмеймін, трагедияны тұншықтыратын амал көп қой! Құдай үшін, көз жастарыңды көл қылып, видео салмаңдаршы! Сендер үшін мен ұяламын, жұрттан! Онсызда жетісіп жүрген адам жоқ! Күліп жүрейікші, қыздар! Сырымызды ішімізде сары майдай сақтап, құпиялы, сырлы , жұмбақ әйел , мықты айел болып жүргенге не жетсін, шіркін. Біздің проблемаларымыз кімге керек?!», - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл пікірімен келісетіндерін жазып, автордың бірбеткейлігіне ризашылықтарын білдіруде.