$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

74,7 млн теңге жымқырған: Жетісу облысында әкімдік қызметкері сотталды

Бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті

74,7 млн теңге жымқырған: Жетісу облысында әкімдік қызметкері сотталды
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

«Прокурорлық тексеріс арқылы объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті.

Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген Жетісу облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары