$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Саран қаласына жылу берілді

Жағдай Энергетика министрлігі мен облыс әкімдігінің бақылауында

Саран қаласына жылу берілді
Фото: istockphoto.com

Сарандағы үйлер мен әлеуметтік нысандар толықтау жылу жүйесіне қосылды. Жылу көздері қажетті отынмен қамтамасыз етілген. Қаланың барлық өндірістік нысандары өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазандықтардың, орталық жылу көзінің, сондай-ақ жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жедел штаб отырыстарын өткізді.

«Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандықтар дайындалып, іске қосылды. Жылу толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықта жылу беру температурасын бақылаудамыз. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерлер де жақын арада кеңейтілетін болады. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық бойынша сұрақ қойды, бұл үйлер басқа жұмыс істеп тұрған қазандықтарға қайта қосылды», – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Арнайы комиссия құрылып, оның құрамында энергия қадағалау өкілдері, өңірлік және басқа да ведомстволардың басшылары, ТЖД бірлесіп жұмыс жасауда. Орталық жылу көзін жөндеу кезінде  жабдықтарды жеткізуші зауыттың мамандары шақырылды.

«Біз жылу көздерін аралап, жылумен қамту схемасын қалпына келтіру жұмыстарының барысына жеткілікті түрде егжей-тегжейлі талдау жасадық. Мынадай шешім қабылданды: орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен қамтуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді. Барлық әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік нысандар өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істеуде», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Үйлерге жылу беру аяқталуда. Жағдай энергетика министрлігі мен облыс әкімдігінің бақылауында.

Серіктес жаңалықтары