Биыл қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді
Астана ер адам таныс қызын соққыға жығамын деп қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғуға байланысты құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді. Осы жылдың өткен кезеңінде аталған қылмыстарды жасағаны үшін 34 адам сотталды, оның ішінде:
20-сы қоғамдық жұмысқа тартылса, 9-ына айыппұл салынды, 3-еуі қамауға алынды, 2-еуі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Мысалы, 27 жастағы жігіттің таныс қызын ұрып-соғуына қатысты ісі сотпен қаралды. Құқық бұзушының жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтқаны үшін бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енді.
«Астана қаласының прокуратурасы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық қатарына көшкені туралы еске салады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.