$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында қос азаматтығы бар адам анықталды

Ол биыл шілде айында Ресей азаматтығын алған

Қостанай облысында қос азаматтығы бар адам анықталды
Фото: depositphotos.com

Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел адам анықталды. Енді оған 5 жыл ішінде ел аумағына кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұзынкөл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 24 жастағы Қазақстан азаматының қос азаматтығы фактісін анықтады.

Мемлекеттік өткізу пунктінде тексеру барысында шекарадан өту кезінде оның 2024 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны анықталды, бірақ бұл туралы мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген мерзімде – 30 күнде хабарламаған.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған елден шығару түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынады.

Қос азаматтық жағдайларының алдын алу және анықтау үшін Қостанай облысының көші-қон қызметі түрлі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстанда және басқа елде бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды анықтау үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтармен де жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, азаматтық заңнаманың бұзылуы жүйелі есепке алу арқылы анықталады. Оны күн сайын көші-қон қызметінің қызметкерлері жүргізеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін, сондай-ақ шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 40-тан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдаланғаны үшін 100 АЕК (369200 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.

ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін жаза да бар. Бұл 200 АЕК (738400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе елден аластату.

Серіктес жаңалықтары