$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытауда жүкті әйел соққыдан қорғанбақ болып, бірге тұратын ер адамға пышақ сұққан

Сот оны 4,5 жылға бас бостандығынан айырды

Ұлытауда жүкті әйел соққыдан қорғанбақ болып, бірге тұратын ер адамға пышақ сұққан
Фото: istockphoto.com

Ұлытауда көңіл жарастырған ер адамның соққысынан құтылмақ болған жүкті әйелге қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 6 маусымға қараған түні әйел адам жұмысынан үйіне оралған кезде болған. Ер адам оны мас күйінде қарсы алды. Ол кірген бетте-ақ әйел адамды ұрып-соға бастаған. Ұрып-соғудан қашып бара жатып, ас үй пышағымен ер адамның кеудесіне сұғып алады.

«Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы «М» өз кінәсін толық мойындады. Жасаған ісіне шын жүректен өкініп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды өтінді», - деп хабарлады сотта.

Кінәні толық мойындау және жүктілік жазаны жеңілдететін жағдай деп саналды. Дегенмен әйел адам ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп танылып, 4,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары