15.10.2024, 12:56
Жаңалықтар
Талғардағы Шерзаттың өлімі: әкім мен оның орынбасары қызметінен босатылды
Бұл туралы Талғар ауданының әкімдігі хабарлады
Фото: видеодан скриншот
Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда», - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 13:04
Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды