14.10.2024, 14:42
Жаңалықтар
Қарағанды облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза болды
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: Видеодан скрин
Қарағанды облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«11 қазанда Самарқанд ауылынан 1 шақырым жерде Теміртау-Нұра автожолында екі көлік –Volkswagen Passat пен «КамАЗ» жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді