14.10.2024, 06:40
Жаңалықтар
Қазақстандық дзюдошы Абу-Дабиде Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды
Ол ресейлік әріптесінен басым түсті
Фото: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Абу-Дабиде (БАӘ) Grand Slam турнирінің қола медалін иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Назгүл 100 келіден жоғары салмақта ресейлік Анастасия Холодилинамен белдесу өткізді.
Голден скорда ресейлік дзюдошы үшінші ескертуін алып, жеңіс Назгүлге берілді.
Тағы бір қазақстандық Карина Такиева осы ауыр салмақта хорватиялық Хелена Вуковичпен татамиде жүздесіп, отандасымыз шидо санымен жеңіліс тапты.
Сонымен, Қазақстан құрамасы Grand Slam турниріні үш қола медалін еншіледі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды