Киіктерді көлігімен соғып өлтірген қостанайлық 2 жылға сотталды
Оның орман шаруашылығына келтірген шығыны 6 млн теңгеден асады
«Қызыл кітапқа» енген екі киікті көлігімен соғып өлтірген азамат 2 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«36 жастағы ер адам Науырызым ауданының Өлеңді ауылы маңында жайылып жүрген 4 киікті өзінің «Нива» көлігімен қуа жөнелген. Нәтижесінде ол екі жануарды қағып өлтірді. Қылмыскер заңсыз атқан киіктің бірін көлігіне тиеп алып, екіншісін сол жерге тастап кеткен. Тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзатпай қолға түсірді»,- делінген полицияның хабарламасында.
Науырзым ауданының Полиция бөлімі күдіктіге қатысты ҚР ҚК 337- бабы («Заңсыз аң аулау») бойынша тергеу жүргізді. Аудандық соттың үкімімен Қостанай қаласының 36 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орман шаруашылығына келтірген шығыны 6 млн теңгеден асады.