$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2020, 03:36
Жаңалықтар

Елорда қорында 4,8 млн тонна азық-түлік бар

Үш жыл ішінде қорға 12 мың тонна өнім сатып алынды

Елорда қорында 4,8 млн тонна азық-түлік бар
Фото: ашық дерекуөзден

Қалада бағаны ұстап тұру үшін өз тиімділігін дәлелдеген бірқатар шара қабылдануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдікке сілтеме жасап. 

«Атап айтқанда, бірінші қажеттілік тауарларын сатып алу үшін операторларға және сауда желілеріне жеңілдікті қарыздар беру бойынша «Айналым тетігі» жобасы іске асуда. «Айналым тетігі» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерімен келісімшарттарға қол қойылды және күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), бакалея және сүт өнімдері сияқты бағалардың өсуі байқалған бірінші қажеттілік тауарларын тіркелген бағалар бойынша сатып алу және сату үшін жеңілдікті қарыздар бөлінді», - деп жазылған хабарламада.

Өнімдер Magnum Cash & Carry, Small, «Астықжан», «КеңМарт», «Вкусмарт», AQMOL сауда желілерінде, «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» базарларында сатылады. Сонымен қатар, қалада тұрақтандыру қоры қалыптасқан. Үш жыл ішінде қорға 12 мың тонна өнім сатып алынды. Қорда 4 895,4 мың тонна азық-түлік бар.

Серіктес жаңалықтары