14 мамырға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Бейсенбі күні респуликаның басым бөлігінде бұршақ жауады

Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазақстанның басым бөлігінде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Республика бойынша жаңбыр жауады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте және орталықта дауыл күтіледі», - деп жазылған хатта.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі, бұрщақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал,

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде Ақмола, Батыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарында және Алматы, Атырау облыстарында найзағай жарқылдайды.