Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

Azattyq Rýhy

Өтініш берген кәсіпкерлердің көбі Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұрады

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді
Фото: istockphoto.com

2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнестің шығынын төлеу үшін үкімет резервінен 12,1 млрд теңге теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1 қазандағы мәліметке сай, шағын және орта бизнестен жалпы сомасы 15 млрд теңгеге 764 өтініш түскен.

«630 өтініш бойынша шамамен 12 млрд теңге сомаға оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтініш иесіне ақша аударылды», -деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

Дереккөзге сүйенсек, өтініштердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан түскен.  Батыс Қазақстан облысынан 87 өтініш, Қостанай облысынан 68 өтініш, Ақтөбе облысынан 51 өтініш, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтініш қабылданған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.