13.05.2020, 12:55
Жаңалықтар
Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы атқарып жатқан шараларын басқаларға үлгі етті
ДДСҰ Еуропадағы бюро директоры Қазақстандағы жағдайға жоғары бағасын берді
фото: twitter.com/hans_kluge
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюро директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалалап, басқаларға үлгі етті.
Ханс Клюге вируспен күресте Қазақстанның қай бағыттарда дұрыс шаралар қолданып жатқанын айтып өтті.
- Күшейтілген бақылау;
- Халықты жаппай тестілеуден өткізу, оның ішінде медицина қызметкерлерін;
- Мәліметтерді цифрландыру;
- Уақытында қауіптің алдын алу және байланыста болғандарды барынша бақылау;
- Науқастарды дұрыс емдеу;
- Зерттеу.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 5417-ге жетті, оның ішінде жазылып шыққандар саны 2223 адам. Өкінішке қарай, КВИ-ден 32 адам көз жұмды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды